Хайрулла Ғабжалиловты ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, Хайрулла Ғабжалилов ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмеуіне байланысты ел президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Ғабжалилов Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «ҚР-дағы сайлау туралы» конституциялық заңында белгіленген талаптарға сай келмейді.

«ІІМ деректеріне сәйкес, Хайрулла Ғабжалилов шетелде өмірге келген, ҚР азаматы емес, соңғы 24 жылда Қазақстанда тұрмаған. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ», — деп хабарлады ОСК.

Хайрулла Ғабжалиловтың кандидатурасын президенттікке «Асар» оралмандар бірлестігі ұсынды.

Добавить комментарий