ХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезек: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы техникалық қолдауды қамтамасыз ете алмады

Мемлекеттік функциялардың бір бөлігін орындауды өз міндетіне алған «Азаматтарға арналған үкімет» акционерлік қоғамы ақпараттық жүйелердің тиісті жұмысын қамтамасыз ете алмады. Ұйымның баспасөз қызметі ақпараттық жүйелердің жұмысындағы кідірістері туралы айтты.

«Бүгін халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесіне тартылған бөлек ақпараттық жүйелер кідіріспен жұмыс істеп тұр. Осыған байланысты ХҚКО-ларда және автоХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек пайда болды», — делінген хабарламада.

Мемлекеттік корпорация қазіргі таңда «Ұлттық ақпараттық жүйелер» АҚ мамандары техникалық ақауларды жоюмен. айналысып жатыр деп хабарлады. Халықтан шыдамдылық танытып, мемлекеттік қызметтерді мүмкіндігінше онлайн алуларын сұрайды.

Добавить комментарий