ХҚКО-да еңбекақы жүйесі қайта қаралады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда ХҚКО қызметкерлерінің еңбекақысын қайта қарау жоспарланып отырғанын хабарлады. Ол аталған мәселе осы жылдың наурыз айында шешілуі керек екенін атап өтті.

Бағдат Мусиннің айтуынша, оған күн сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерінен өтініштер келіп түседі. Олар жалақыны көтеру мәселесін шешуді сұрауда.

ХҚКО қызметкерлеріне артылған жүктеме өте үлкен, деп атап өтті ведомство басшысы.

Өткен демалыста «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығымен осы жайтты талқыладым. Адил Кожихов барлық аймақтардан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым. Еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды! Бес жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар», — деді ол.

Министр аталған мәселелні наурызға дейін пысықтау қажеттігін атап өтті.

Добавить комментарий