Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили медициналық көмек алуға келісімін берді

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили медициналық көмек алуға дайын екенін хабарлады. Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың 1 қазанында басталған аштық акциясын жалғастыруда.

Бұл туралысәрсенбі күні оның адвокаты Дмитрий Садзаглишвили мәлім етті.

«Мен бостандыққа шыққанша мүлде тамақ жемеймін, өлуге дайынмын. Дегенмен, ақыл-есімді жоғалтқым келмейді. Сондықтан мен дәрігерлердің емдеуіне келісім бердім, бұл ағымдағы процестерге өте шектеулі түрде болсын қатысуыма септігін тигізеді», — деді адвокат Саакашвилидің жазған хатын оқып.

Грузия Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған дәрігерлер тобы сейсенбі күні Саакашвилиге барып, ауруханаға жатқызу керек екенін айтты.

Фото: Тергеу изоляторында аштық жариялаған Грузияның экс-президенті дәрігерлердің қолынан емделуге келісімін берді

Грузияда экс-президент 1 қазанда ұсталды, ол муниципалдық сайлау қарсаңында елге оралған. Қазір ол Рустави қаласындағы түрмеде отыр, өзін саяси тұтқын деп санайтындықтан, аштық жариялады. Саакашвили 2013 жылы Грузиядан қашып кетті, кейін оған қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды, оның екеуі бойынша үкім шығарылды — сот оны сырттай үш жылға, ал екіншісі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий