Грузияда ИМ (ҚР-да тыйым салынған) террористік ұйымының бес мүшесі қамауға алынды. Бұлтартпау шарасын сот таңдағаны хабарланды.
Тбилиси қалалық соты «Ислам мемлекеті» террористік тобы (ҚР-да тыйым салынған террористік ұйым) қатарына қосылып, Сирияға аттанбақ болған Грузияның бес тұрғынына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Бұл туралы бейсенбі күні прокурор Георгий Хачидзе журналистерге хабарлады.
«Сот біздің талап-арызымызды толық қанағаттандырды. Бес азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді Хачидзе жабық форматта өткен сот отырысынан кейін.
Айыпталушылардың адвокаттары 3 мың лари ($958) көлемінде кепілге босатуды талап еткен, алайда айыптаушы тарап олардың бостандықта жаңа қылмыс жасауы, тергеуден жалтарып немесе куәгерлерге қысым жасауын мүмкін екенін айтты.
Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (ГМҚ) сейсенбі күні Кахети аймағында «Ислам мемлекеті» террористік тобының мүшесі, Сириядағы террористер лагеріне аттанбақ болған бес адамның ұсталғанын хабарлады. ГМҚ мәліметінше, айыпталушылар «Ислам мемлекетінің» қазіргі көшбасшысына адал қызмет еткге ант беріп, экстремистер арасында тиісті видеоны таратқан. Олар көшеде еркін жүріп, тыйым салынған террористік рәміздерді көрсеткен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерін ИМ өкілі және Грузияның әмірімін деп атаған олардың көшбасшыларын анықтады.
Айыпталушыларға қарсы «Террористік ұйымға мүше болу, террористік ұйымның қызметіне қатысу, террористік ұйым құру немесе оған басшылық ету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, олар 10 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.