Грузия: Оппозициялық партия билікке қарсы митинг өткізді

Тбилисиде Грузияның оппозициялық «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» (БҰҚ) партиясы билікке қарсы митинг өткізді. Митинг бес сағаттай болды, оған мыңнан астам адам қатысты. Акцияға қатысушылар мен оппозициялық көшбасшылар Грузия билігінен ЕО-ға мүше болуға үміткер мәртебесін алу үшін Еуроодақтың 12 ұсынысын орындауды талап етті.

Талаптардың бірі олигархтарға қарсы заң қабылдау. Митингіге қатысушылардың басты талабы Грузияның еуропалық даму жолын ұстану болды.

Парламент ғимаратынан бір шақырым жерде орналасқан Руставели метро станциясынан шеруге шыққан БҰҚ жастар қозғалысының мүшелері парламент алаңындағы наразылық шарасына қосылды. Сонымен қатар, олар экс-президент Михаил Саакашвили мен «Мтавари архи» телеарнасының басшысы Ники Гварамияны бостандыққа шығаруды талаап етт. Митинг бейбіт әрі тыныш өтті.

Добавить комментарий