Грекия: Мигранттар лагеріндегі алғашқы COVID-19 жағдайы

Грекияның ең ірі мигранттар лагерінде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелді. Шұғыл түрде аурудың таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды.

Енді шамамен 13 мың адам тұратын лагерь карантинге жабылды. Дәрігерлер науқаспен байланыста болған адамдарды анықтауға тырысуда.

Грекияның Лесбос аралындағы Мория босқындары шоғырланған шатырлы қалашығында Сомалиден келген қырық жасар босқынның алғашқы COVID-19 жұқтырған жағдайы анықталып, оны оқшаулауға жіберді. Енді грек Ұлттық қоғамдық денсаулық ұйымы бойынша сарапшылар тобы науқас байланыста болған адамдарды табуға тырысуда.

Айта кетейік, қазіргі таңда лагерьде шамамен 13 мың адам бар, гуманитарлық топтар оны мигранттар үшін нашар жағдай жасағаны үшін жиі сынайды. Көктемнің басынан бастап Лесбосқа жететін барлық мигранттар аралдағы лагерьлерден тыс жерде карантинге алынды.

Добавить комментарий