Google YouTube-ты тауар сататын алаңға айналдырады

Google YouTube бейнероликтерінен тауарларды сатуға мүмкіндік беретін технологияны тестілеуге кірісті.

Google компаниясы YouTube-ты түрлі тауарлар сататын алаңға айналдыруды жоспарлап отыр, бұл тікелей бейнеролик арқылы жүзеге асырылады.

Эксперименттік технологияны сынау жеке арналарда жүргізіледі.

Аталмыш жобаның мақсаты — «YouTube-тегі көптеген бейнероликтерден кең ауқымды тауарлар каталогын жасау» болып табылады.

Жаңа функция Google талдау және шопинг құралдарына жатады деп есептеледі. YouTube ақпаратты шынайы деп таныды. Алайда Google әзірлемелер эксперименттік санатқа жататынын айтып, егжей-тегжейлі мәліметтерді жария етуден бас тартты.

Бұл инновация YouTube-ты «жарнамалық алпауытқа» айналдырады деп болжануда, бұл сөзсіз Alibaba мен Amazon бәсекелес бола алады. Бейне-хостинг сатылымнан қалай табыс таба бастайтыны әлі белгісіз.

Добавить комментарий