Гонконг АҚШ-тың жаңа санкцияларына наразы

Жергілікті әкімшіліктің бас хатшысы Мэттью Чжан атап өткендей, Вашингтонның мұндай қадамдары халықаралық тәжірибеге және құқыққа қайшы келеді.

Вашингтонда Бейжіңнің ресми тұлғаларына қатысты санкциялық тізімді кеңейту туралы қабылданған шешім Гонконг билігінің наразылығын тудырды.

Бұл туралы сейсенбі күні жергілікті әкімшіліктің бас хатшысы (маңыздылығы бойынша екінші лауазым) Мэттью Чжан мәлімдеді.

«Мұндай әрекеттер — жол берілмейтін, шектен шыққан және Гонконгтың ішкі істеріне варварлық араласу», — деп атап өтті шенеунік журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Вашингтонның мұндай қадамдары халықаралық тәжірибе мен құқыққа қайшы келеді. «Алайда, бұл бізді қорқыта алмайды», — деп баса айтты ол. Чжан Гонконгта ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өз билігінің «міндеті» екенін айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі 30 маусымда ҚХР парламенті Гонконгта ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылдағаннан кейін Қытай мен осы арнайы әкімшілік ауданға қарсы бірқатар санкциялық шаралар қабылдады. Ол сепаратизм, терроризм, мемлекеттік билікке нұқсан келтіру және шетелдік күштермен сөз байласу сияқты қылмыстардың алдын алуға бағытталған және олар үшін ең жоғарғы жаза ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді.

Добавить комментарий