Годунова: мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейден асып кетті

Қазақстанның мемлекеттік борышы қауіпсіз емес. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мәлімдеді.

Ол Қазақстанның мемлекеттік қарызының деңгейі ЖІӨ-ге шаққанда 29,4% құрайтынын хабарлады.

Годунованың айтуынша, мемлекеттік борыш жыл сайынғы өсу үрдісіне ие.

Бұл ретте Есеп комитеті соңғы жылдары айтқан қауіп-қатерлер орын алып жатыр. Қазір бұл 20,6 трлн теңге. Борыштың ЖІӨ-ге арақатынасы 29,4%-ға жетті және Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында белгіленген белгіленген шектеуден 27%-ға асты. Естеріңізде болса, 2014 жылға дейін мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейі ЖІӨ-нің 22%-ын құраған. Бірақ ол көтерілді. Оған негізді біз ол кезде байқамадық. Осыған байланысты қазіргі 29% жоғары деңгей болып саналады, — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Есеп комитетінің басшысы жергілікті атқарушы органдар қарызының күрт өскенін, яғни 5 есеге артқанын айтты. Ол осы жылдың басында 1,1 трлн теңгені құраған, ал 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 217 млрд теңге.

Әзірге бұл бекітілген 1,6 трлн теңге лимиттің аясында көлем, бірақ болашақта тәуекел тудырады, — деп түйіндеді Годунова.

 

Добавить комментарий