ГФР Украинаға IRIS-T жүйесіне қосымша зымыран берді

Германия Украинаға IRIS-T зымыран-зениттік жүйесіне арналған зымырандарды берді.

Бұл неміс үкіметінің ресми сайтында жарияланған қару-жарақ тізімінен шығады.

Соңғы аптада Украина неміс тарапынан екі броньды жөндеу-эвакуациялау машинасын, 40 мм гранатометке 30 мың снарядты, 155 мм калибрлі бес мың артиллериялық оқ-дәріні, төрт жедел жәрдем машинасын және ауысымдық шанақтары бар 18 8х8 ауыр жүк көлігін алды.

Естеріңізге сала кетейік! Германия Украинаға беруге уәде еткен төрт IRIS-T зениттік-зымыран кешенінің алғашқысын 11 қазанда берді. Келесі үш жүйені жеткізу келесі жылы жоспарлануда.

Добавить комментарий