ГФР Украинаға берілген қару-жарақ санын хабарлады

Германия Украинаға қанша қару-жарақ жіберілгенін жариялады. Тізім алғаш рет жарияланды, атап айтқанда, өздігінен жүретін 30 Gepard зениттік қондырғысы, IRIS-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, Mars типті үш дүркін оқ ату реактивті жүйесі және басқа да қару-жарақ, 22 жүк көлігі, 80 Toyota маркалы жол талғамайтын көлік.

Аталған тізім сейсенбі күні Германия министрлер кабинетінің сайтында жарияланды.

Үкіметтің ресми өкілі Штеффен Хебештрайт журналистерге мәлімдегендей, «Германия Украина қолдау көрсетуді тоқтатпайды». «ГФР үкіметі жақын одақтастарымыз, мәселен АҚШ-тың тәжірибесіне сәйкес әскери көмекті жариялау тәртібін өзгерту туралы шешім қабылдады. Бүгіннен бастап www.bundesregierung.de/lieferungen-ukraine сайтында Германияның Украинаға көрсеткен әскери көмегін көрсе болады», — деп хабарлады Хебештрайт.

Украинаға жеткізілген қару-жарақ пен материалдар тізімінде барлығы 38 позиция, жоспарланған тізімде тағы 25 позиция бар.

Қару-жарақ пен басқа да материал Бундесвер қорларынан бөлінді немесе қорғаныс концерндерінен берілді. ГФР билігі Варшава келісімі ұйымы құрамында болған қару-жарағы бар Шығыс Еуропа мемлекеттерімен айналмалы алмасу жөнінде келіссөздер жүргізуде. ГФР Үкіметінің өкілі тізім жаңартылып отыратынын атап өтті.

Добавить комментарий