Германия федералдық полициясы Польшамен арадағы шекараны кесіп өтпек болған алты адамнан тұратын ресейлік отбасыны ұстағанын хабарлады.
Ұсталғандар жайлы егжей-тегжейлі мәлімет хабарланбады, тек Ресейдің алты азаматы — екі ересек және төрт бала ГФР-да сейсенбі күні таңертең Польшадан екі көлікпен өтпек болғанда ұсталған. Бұл туралы сәрсенбі күні хабарланды
Германия тарапының болжамы бойынша, олар республикаға «заңсыз кірмек» болған, себебі ұсталғандардың ешқайсысында ЕО-ға келуге рұқсат беретін құжат болмаған. РФ азаматтары «мерзімі өтіп кеткен Польшада берілген құжаттарды ұсынған», — делінген хабарламада.
«40 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйелге қатысты елге заңсыз кіру ісі бойынша тергеу басталды», — деп атап өтті федералдық полиция.
Ұсталғандар туралы егжей-тегжейлер ақпарат хабарланбады.