Германия канцлері Олаф Шольц Си Цзиньпинмен және Мемлекеттік кеңестің премьер-министрі Ли Кэцянмен кездесу үшін ҚХР-ға сапармен бармақ.
Бұл туралы жұма күні Берлинде өткен брифингте ГФР министрлер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Хебештрайт мәлім етті.
«Жұма күні, 4 қарашада федералдық канцлер бір күндік сапармен Қытайға барады», — деп атап өтті Хебештрайт. «ҚХР-ға келгеннен кейін ол (Шольц — ТАСС) алдымен Си Цзиньпинмен кездеседі, содан кейін канцлер премьер-министр Ли Кэцянмен келіссөздер жүргізеді», — деп толықтырды Германия министрлер кабинетінің өкілі. Сонымен қатар, ол Шольцтің Қытай басшылығымен канцлер қызметіне тағайындалғалы бері алғашқы бетпе-бет кездесетінін нақтылады.
Хебештрайттың айтуынша, сапар барысында Германия үкіметінің басшысымен бірге экономикалық делегация ілесіп жүреді.
ГФР министрлер кабинетінің өкілі атап өткендей, келіссөздер екіжақты қарым-қатынастың барлық спектрін, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі бірлескен күш-жігер, Украинадағы қазіргі жағдай және Шығыс Азия өңірлеріндегі шиеленіс сияқты халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланатын болады.