ГФР экономика министрі газ мәселесінде РФ-ға біржақты тәуелділікті жоққа шығарды

ГФР экономика және энергетика министрі Петер Альтмайер жұма күні елдегі газ қоймалары 75 пайызға толғанын мәлімдеп, газбен жабдықтау мәселесінде Ресейге деген біржақты тәуелділік жоқ екенін атап өтті. Бұған дейін Германия экономика министрлігі Мәскеудің келісім-шарттық міндеттемелерін орындамағаны туралы мәліметі жоқ екенін айтқан болатын.

«Солтүстік ағын-2» коммерциялық жобасы: энергетика немесе қару

Ресей тарапы «Солтүстік ағын-2» жобасы еуропалық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан коммерциялық жоба екенін бірнеше рет атап өтті. 13 қазанда Ресей президенті Владимир Путин энергетикалық апталықтың пленарлық отырысында Ресейдің энергетиканы қару ретінде қолданатыны туралы мәлімдемені сандырақ деп атады. Ол «қырғи-қабақ соғыстың ең күрделі кезеңдерінің өзінде РФ тұрақты түрде келісімшарттық міндеттемелерін толық орындап, Еуропаға газ жеткізіп отырғанын» айтты.

Қазір Германияда социал-демократтар, «жасыл» және Еркін демократиялық партия (ЕДП) арасында жаңа үкімет құру туралы келіссөздер жүргізілуде. «Жасылдар» бірнеше рет «Солтүстік ағын-2» жобасын жүзеге асыруға қарсы болды, ал либералдар газ құбырының құрылысын тоқтатуды ұсынды.ГСДП министрлер кабинетінің қатысушысы ретінде ГФР үкіметінің осы мәселеге қатысты ұстанымын қолдайды, «Солтүстік ағын — 2»-ні іске қосу еуропалық заңнаманы сақтай отырып және Украина арқылы газ транзитін сақтай отырып мүмкін болады деп есептейді.

Добавить комментарий