ГФР-да төңкеріс дайындады деген күдікпен 23 адам қамауға алынады

Германияда мемлекеттік төңкерісті дайындады деген күдікпен 23 адам ұсталғанын мәлімдеді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Италия мен Австрияда мемлекеттік төңкеріс дайындау ісі аясында ұсталған екі неміс азаматына қатысты «экстрадициялау процедурасы басталды».

ГФР Федералдық Жоғарғы соты мемлекеттік төңкерісті дайындаған күдіктілерді, соның ішінде тергеу бойынша оларға қолдау көрсеткен ресейлік әйелді қамауға алуға ордер берді. Бұл туралы Германияның Бас прокуратурасының жұма күні таратқан хабарламасында айтылған.

«Федералды Жоғарғы сот жанындағы тергеу судьялары 7-8 желтоқсанда [22] Германия азаматтарына, сондай-ақ Ресей азаматшасы Виталия Б-ға қамауға алуға ордер берді», — делінген мәлімдемеде.

Бас прокуратура олар өткен сәрсенбі күні ұсталғанын еске салды. Италия мен Австрияда мемлекеттік төңкерісті дайындау бойынша қозғалған іс аясында ұсталған тағы екі неміс азаматына қатысты «экстрадициялау процедурасы басталды», — деп нақтылады ведомстводағылар.

Добавить комментарий