Бундесвер украиналық әскерилерді Marder ЖӘЖМ-ге үйрету үшін 50-ге жуық резервшіні шақыруды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Spiegel хабарлады.
Бранденбург федералды жері жедел қолбасшылықтың резервшілер қауымдастығына жолдаған өтінішін жариялады. Өтінішке сәйкес, олар «украин немесе орыс тілдерін білетін» резервшілерді іздеуде.
Сонымен қатар, жедел қолбасшылық Marder жаяу әскерінің жауынгерлік машинасында қызмет еткен немесе қызмет етіп жатқан резервшілерді іздестіруде.
Бірнеше ай талқылаудан кейін Германия үкіметі 5 қаңтарда Киевке 40 Marder ЖӘЖМ жеткізетінін жариялады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, алғашқы украиналық әскерилер Германияға өткен бейсенбі күні «Marder»-де жаттығудан өту үшін келген.
Сондай-ақ Берлин танкт жеткізу туралы шешім қабылдағаны белгілі. Германияда Leopard жауынгерлік танкісімен жаттығулар басталады.
Еске сала кетейік, Польша «Leopard 2» ротасынан басқа Украинаға тағы да 60 жаңғыртылған танкіні, оның ішінде PT-91 Twardy танкісін беруді жоспарлап отыр.