Германиядағы төңкеріс әрекеті: РФ азаматына қатысты үкім шығарылды

Германия федералдық прокуратурасы сейсенбі күні мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған оңшыл «райхсбюргерлер» тобының 27 қатысушысына қатысты айып тағылғанын растады.

ГФР Бас прокуратурасының сайтындағы үш жеке мәлімдемеге сәйкес, төңкеріс жасамақ болды деген күдікке ілінген 27 адамға қатысты іс Франкфурт-на-Майне (10 адам), Мюнхен (8 адам) және Штутгарт (9 адам) жоғары жер соттарына жолданды. Олар тағылған айыпты мойындау және сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдауы тиіс.

Негізгі тұлғалардың арасында — князь Генрих XIII Ройс, бұрынғы сарбаз Рюдигер фон Пескаторе, Бундестагтың «Германия үшін балама» партиясының экс-депутаты және судья Биргит Мальсак-Винкеманн, сондай-ақ «райхсбюргерлер» тобының негізгі мүшесі экс-полиция қызметкері Михаэль Фрич бар.

Прокуратура күдіктілердің бір бөлігі неміс қалаларындағы Ресейдің бас консулдықтарымен белсенді түрде кеңескенін, бұл Мәскеудің төңкеріс әрекетіне қатысы барын көрсетеді.

Айыптау актілерінің бірі князь Генрих XIII Ройс пен Лейпцигтегі Ресей бас консулдығы арасында байланыс орнатқан және 2022 жылдың маусымында онымен бірге барған Ресей азаматшасы Виталия Б. қарсы бағытталған.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында ГФР федералдық прокуратурасы бірнеше федералдық жерлерде, сондай-ақ Австрия мен Италияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 25 ер адам мен әйелдерді тұтқындаған. Күдіктілер Германиядағы саяси жүйені құлатып, Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаз мемлекеттерімен ГФР-ның «жаңа мемлекеттік құрылымы» туралы келіссөздер жүргізуді көздеген.

«Райхсбюргерлер» — Германия Федеративтік Республикасы мен оның демократиялық құрылымдарын мойындамайтын топ. Былтыр ГФР Конституцияны қорғау жөніндегі федералдық ведомство аталған ағымның 23 мыңға жуық жақтаушысын тіркеген, олардың шамамен 5%-ы оңшыл экстремистер деп танылды.

Добавить комментарий