Германияда «Солтүстік ағын-2» жобасына тыйым салынбайды

Германияда ресейлік «Солтүстік ағын-2» жобасына тыйым салмайтынын айтып, кезекті мәлімдеме жасады.

Берлин газ құбырының салынуына кесірін тигізбейді, бірақ Мәскеуге Еуроодақ салған санкциялар арқылы қысым жасауға тырысады

Германия АҚШ-тың бұл мәселеге қатысты ұстанымына қарамастан, «Солтүстік ағын-2» құбыры арқылы Ресейден газ жеткізуді жабуға ниетті емес. Бұл туралы дүйсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

кесірін тигізбейді, дегенмен Мәскеуге Еуроодақ салған санкциялар арқылы қысым жасайды. Bloomberg атап өткендей, бұл сәтті аяқталады дегенге сену қиын. Қыркүйек айында Ангела Меркель канцлер қызметінен кеткеннен кейін де бұл шешім өзгермеуі мүмкін — Германиядағы барлық саяси күштер газ құбырын пайдалануды қолдайды.

АҚШ-та «Солтүстік ағын — 2» Ресейдің Еуропаға ықпал ету құралы болуы мүмкін деп есептейді. Газ құбырын Мәскеудің «геосаяси қаруы» деп атайды.

«Солтүстік ағын — 2» жобасы Балтық теңізі арқылы Германияға жалпы қуаты 55 млрд текше метр болатын газ құбырының екі желісін салуды көздейді. 2019 жылғы желтоқсанда швейцариялық Allseas («Оллсиз») компаниясы АҚШ-тың санкциясына байланысты құбыр төсеуден бас тартқаннан кейін жұмыстар тоқтатылды. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап газ құбырының құрылысы бір жылдық үзілістен кейін қайта жанданды, тамыздың соңында жұмыстар аяқталады деп болжанған.

АҚШ бұған дейін газ құбырының құрылысының аяқталуына кедергі бола алмайтынын мойындады. Вашингтон еуропалық одақтаспен қарым-қатынасын бұзып алмау үшін Германиядан оны пайдаланудан бас тарту үшін күштемеу туралы шешім қабылдады. Меркель шілде айының ортасында Вашингтонға сапары кезінде Берлин Украинаны қолдап, оның газ транзиті рөлін сақтап қалуға ұмтылатынына сендірді.

Добавить комментарий