Германия Украинаға көмек көрсетуді жалғастырады

Германия билігі Украинаға көмек көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

ГФР Үкіметі Украинаны «ең тиімді жолмен» қолдауды жалғастыратынын, алайда одақтастарымен үйлесе отырып әрекет ететінін хабарлады.

Бұл туралы ГФР Министрлер кабинетінің өкілі Кристиане Хофман брифингте мәлімдеді.

Ол Киевке Leopard 2 жауынгерлік танктерін беру мүмкіндігі туралы сұраққа осылай деп жауап берді.

«Германия Украинаны әлі де әскери тұрғыдан тиімді түрде — одақтастармен тығыз үйлесе отырып қолдайтыны күмәнсіз», — деді Хофман, алайда нақты қолдау шараларын атамады.

Бұған дейін Германияда Киевке әскери техника жеткізудің шекті деңгейге жеткендігі айтылған болатын. «Біз Украинаны қолдауды жалғастырамыз, алайда Германия тарапынан біржақты қадамдардың болмауына баса мән береміз. Біз олай жасамаймыз», — деді ГФР Қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт.

Добавить комментарий