ГФР азаматтарының басым бөлігі Ресейге қарсы салынған санкцияларды күшінде қалдыру туралы шешімді дұрыс деп санайтындарын мәлімдеді.
Deutschlandtrend сауалнамасы бойынша, немістердің 53% РФ-ға қарсы салынған экономикалық санкцияларды күшінде қалуын жақтайды.
Бұл туралы Берлиндік Infratest dimap институты жүргізген Deutschlandtren сауалнамасының нәтижесінен белгілі болды.
Басылымның мәліметінше, немістердің 53 пайызы Мәскеуге қарсы салынған санкциялық режимді қолдайды. Бұл ретте наурыз айында дәл осы сауалнаманың қорытындысы бойынша рестрикцияны қолдайтындар саны 66 пайыз болған. Азаматтардың 40 пайызы Ресейге қарсы санкциялар Германияға залал келтіретін болса қарсы екенін мәлімдеді.
Санкцияны қолдайтындардың басым бөлігі «Жасылдар» партиясының жақтаушылары, ал ең азы «Германия үшін балама» (AfD) оңшыл партиясының сайлаушылары екені атап өтілді.
Бұған дейін Бундестаг депутаты, Солшыл партияның парламенттік фракциясының бұрынғы жетекшісі Сара Вагенкнехт Германия билігі Ресейге қарсы санкциялар Мәскеуге қарағанда ГФР-ға көбірек зиян келтіргенін мойындап, оларды алып тастау мүмкіндігін талқылау керек деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, неміс саясаткерлері қырсықтығы мен инфантилизмін көрсетуді тоқтатуы тиіс.