Германия: РФ-ның барлау қызметі жанданды

Германия Ресейдің барлау қызметіндегі белсенділік қырғи-қабақ соғыс кезіндегі деңгейге жетті деп мәлімдеді

Германияның қарсы барлау қызметі басшысының пікірінше, ресейлік агенттер елде саяси шешім қабылдайтын тұлғалармен байланыс орнатуға тырысуда.

Германия Конституциясын қорғау жөніндегі федералдық ведомствоның басшысы (қарсы барлау қызметі) Томас Хальденванг ресейлік барлау қызметінің елдегі белсенділігі күрт артқанын мәлімдеді.

«Осы уақыт ішінде қолжеткізілген ресейлік барлау қызметінің белсенділік деңгейі, біз білетін қырғи-қабақ соғыс кезіндегі деңгейге жетті», — деп мәлімдеді ол.

Ол Германияда Ресей агенттері «саяси шешім қабылдайтын адамдар ортасында байланыс орнатуға» тырысып жатқанын айтты.

Еуропада бірнеше рет РФ-ны ішкі істерге араласты деп айыптаған. Ал Ресей батыс елдері ешқандай дәлел ұсынбады деп тағылған айыптарды бәрін жоққа шығарады.

Добавить комментарий