Американдық диетолог Бриттани Любек кофеин қосылған газдалған сусын тәуелділік тудырып, миға зиян келтіреді дейді.
«Құрамында кофеин бар газдалған сусынды үнемі пайдалану миды химиялық өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін, соның салдарынан өзіңіз бен миыңыз оны қайта-қайта ішкісі келіп тұрады», — деп түсіндіреді америкалық диетолог Бриттани Любек.
Кофеин қосылған газдалған сусын ұйқыға да теріс әсер етеді, деп ескертеді британдық дәрігер Крис Эйри (Chris Airey). 2017 жылы Sleep Health ғылыми журналында жарияланған зерттеу ұйқының ұзақтығының қысқаруын құрамында кофеин бар газдалған сусындарды көп мөлшерде ішумен байланыстырды.
Кофеині жоқ газдалған сусындар да зиянды болуы мүмкін. Американдық трофолог (тамақтану ғылымдарының маманы) Эмили Нобл (Emily E. Noble) кішкентай кезінде тәтті газды шектен тыс ішкен адамдардың кейінірек есте қалу қабілеті бұзылуы мүмкін дейді.
Қантсыз диеталық газдалған сусындар да жақсы емес.
2017 жылғы зерттеу диеталық газдалған сусындарды ішу инсульт пен деменция қаупінің артуына байланысты деген қорытындыға келген, — дейді америкалық диетолог Холли Клеймер.
Stroke ғылыми журналында жарияланған жұмыстарға сәйкес, қант алмастырғыштары қосылған газдалған сусындарды тұтынатын адамдар инсульт пен Альцгеймер ауруына үш есе жиі ұшырайды.