Павлодар облысында гараждан үш адамның денесі табылды. Көлікте ерлі-зайыпты және отбасылық досы болған.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, олардың көршісі гараждан үш адамның жатқанын айтқан. Оқиға орнына келген полицейлер Павлодар қаласы Мир көшесінде орналасқан гараждағы көлікте үш адамның денесін анықтады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары ерлі-зайыптылардың автокөлік жөндеумен айналысқан гаражды жалға алғанын анықтады. Ерлі-зайыптылар жұмыс орнында болған кезде оларға отбасылық досы келгені белгілі болды. Барлығы бірге гаражда ішімдік ішкен, суыта бастаған соң Mercedes Benz маркалы автокөлікті іске қосып, ұйықтап қалған
Мәйіттерді көрші гараждың жалға алушысы тапты, ол бұл туралы полицияға хабарлады. Жүргізілген сот-медициналық сараптамаларға сәйкес, үш адамның өлімі улы газбен улану салдарынан болған
Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуовтың айтуынша, 14 қарашада осындай қайғылы жағдай орын алған. Павлодар қаласындағы Гагарин көшесінде орналасқан гараж кооперативінің боксынан 44 жастағы ер адам табылды.
Ол оталып тұрған «ВАЗ-21150» автокөлігінде болған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.