Венесуэлада Гаити президенті Жовенель Моиздің өліміне Америка Құрама Штаттары жауапты деп санайтындарын мәлімдеді.
Венесуэла Ұлттық құрылтай жиналысының бұрынғы басшысы және басқарушы Біртұтас социалистік партия төрағасының бірінші орынбасары Диосдадо Кабельо осылай деп мәлімдеді, деп Version Final оның сөзін келтіреді.
Ол бұл оқиғаға қатысты АҚШ-тың кінәлі екенін түсіну үшін «балгер болудың қажеті жоқ» екенін атап өтті.
Осы құрлықта және әлемдегі орын алып жатқан оқиғалардың артында бір ел тұрады, ал қалғандары шатастырудың амалы, — деді Кабельо.
Саясаткер Венесуэланың Гаити халқына қолдау көрсететінін айтты.