Бүгін, 7 шілде күні резиденцияға жасалған шабуылдың салдарынан Гаити президенті Жовенель Моиз өлтірілді.
Артынан оның жұбайы да алған жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды. «Гаити президентінің әйелі Мартин Моиз де резиденцияға жасалған шабуыл кезінде алған жарақатынан қайтыс болды.
Бұған дейін елдің бірінші ханымы госпитальға жеткізілгені хабарланған болатын.
Еске салайық, Гаити президентінің резиденциясына шабуыл жасалған.
Мемлекет басшысы алған оқ жарақатынан қайтыс болды.