Габонда орын алған оқиғалар әлем жұртшылығының назарын аудартпай қоймады. Төңкеріс жасаған әскерилер генерал Брис Олигуи Нгемді елдің уақытша мемлекет басшысы етіп тағайындағанын жариялады. Бұл ұзақ жылдар бойы президент болған Али Бонго Ондимбаны биліктен кеткеннен кейін орын алып отыр.
Француз тілді БАҚ-тың хабарлауынша, әскерилер бұл туралы шешімді ұлттық телеарнада тікелей трансляция барысында ресми түрде жариялаған. Генерал Брис Олигуи Нгема Габон Республикалық ұланының бас қолбасшысы. Сондай-ақ ол биліктен қуылған президент Али Бонго Ондимбаның немере інісі.
Габондағы оқиғалар ел ішінде ғана емес, шетелдерде де талқыланып жатыр. Америка Құрама Штаттары қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп, әскери төңкерісті ұйымдастырушыларды ел билігін азаматтық тұлғалардың қолына қайтаруға шақырды. Әлемдік қауымдастық мұндай ауқымдағы оқиғалар аймақтағы тұрақтылыққа әсер ететінін ескере отырып, жағдайдың дамуын бақылап отыр.
Габонда Бонго Ондимба отбасы билік басында 55 жыл болды, олар Франциямен тығыз байланыста болған. Али Бонго Ондимба Франция президенті Эмманюэль Макронды қоса алғанда, басқа да елдердің мемлекет басшыларымен кездесті. Сондай-ақ, Габонда француз әскери контингенті орналасқан.