G7 елдерінің СІМ басшылары биыл қараша айында саммитке жиналады.
Еске салайық! Үлкен жетілік елдерінің қатарына Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония кіреді. Іс-шара қарашаның басында Германияның Мюнстер қаласында өтеді деп күтілуде.
Бұл туралы Dpa агенттігі хабарлады. Оның мәліметі бойынша, қазірдің өзінде келіссөздерге дайындық жүріп жатыр. Биыл Германия «үлкен жетілік топқа» төрағалық етеді.
G7 СІМ басшыларының соңғы кездесуі мамыр айында Вангельс коммунасында өткен.
Маусым айының соңында ГФР оңтүстігіндегі Бавариядағы Эльмау сарайында G7 саммиті өтті.