G7 елдері украиндықтарға қыстан аман шығуға көмектесетіндерін мәлімдеді

G7 елдері Украинаға қысқа дайындалуға көмектесетіндерін мәлімдеді. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрі айтты.

Еске салайық! Германия биыл G7-ге төрағалық етуде.

Анналена Бербок қыста Украинаға көмек көрсету бойынша форматқа қатысушылардың келісілген әрекеттерін жариялады.

Бұл туралы Spiegel басылымы хабарлайды.

«Біз бірлесіп салған санкциялардан кейін, енді қыстан аман шығу үшін G7 серіктестерінен көмек көрсетіледі», — деді Бербок Мюнстердегі G7 сыртқы істер министрлерінің кездесуі алдында.

Оның айтуынша, көптеген елдер көме көрсету үшін қосылатындарын мәлімдеді.

«Бұл қыстан аман өту үшін көрсетілетін көмек қыста бейбітшілік пен халықаралық құқықтың бұзылуына жол бермейтін білдіреді. Біз Ресей президентінің Украинаны күл-талқанын шығару стратегиясын жүзеге асыруын болдырмаймыз. Біз оның халықаралық тәртіпті бұзып отырғанына көз жұмып қарап отырмаймыз», — деп атап өтті Германия Сыртқы істер министрі.

Ол Владимир Путинді Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасады деп айыптап, G7 елдері Украинадағы егде жастағы адамдардың, балалар мен жастардың аштықтан және суықтан көз жұмуына жол бермейтінін атап өтті. Ол үшін бейбіт тұрғындарға шатырлар мен жылытқыштар беріледі.

Spiegel басылымы атап өткендей, Германия энергия жүйесін тұрақтандыру үшін Украинаға қазірдің өзінде 100-ден астам генератор жіберді, жылытқыштар, сорғылар және санитарлық контейнерлер, төсек, көрпе мен шатырлар жеткізіліп жатыр.

Добавить комментарий