G7 елдері газды рубльмен сатып алудан бас тартты

G7 елдері Ресейге газды рубльмен сатып алмайтынын мәлімдеді. Олар РФ-мен жасалған келісімшарты алға тартып отыр.

Бұл туралы дүйсенбі, 28 наурыз күні Германияның энергетика министрі Роберт Хабек G7 өкілдерінің отырысынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды DW. Қазіргі уақытта ГФР G7-ге төрағалық етеді, оған Франция, Италия, Жапония, Канада, АҚШ және Ұлыбритания кіреді. Отырысқа Еуроодақ өкілі де қатысты.

«Үлкен жетілік» министрлері Ресейдің талабын «біржақты және қолданыстағы келісімдерді анық бұзу» деп қабылдамауды шешкен, деп мәлімдеді Хабек. Ол энерготасымалдағыштарды жеткізу туралы келісімшарттар жарамды және компаниялар келісімшартқа адал болуы керек екенін айтты. «Осыған байланысты (олардың талабы. — Ред.) рубльмен төлеу орынсыз», — деді ГФР Энергетика министрі.

ГФР Канцлері Олаф Шольц Ресеймен қол жеткізген келісімшарттарда энерготасымалдағыштарды доллар мен еуроға сатып алуды көздейтінін еске салды.

Канцлер Германия мүмкіндігінше, тезірек Ресей энергиясынан тәуелді болмауға ұмтылатынын атап өтті.

23 наурызда РФ президенті Владимир Путин Ресей газы мен мұнайын «достық қатынас орнатпаған елдерге» рубльмен сататынын талап етті. Путиннің қалауы бойынша, ресейлік газды сатып алушылар рубльді Ресейдің ішкі валюта нарығында сатып алуы керек.

Путин Орталық банкке осындай операциялардың тәртібін бір апта ішінде анықтауды тапсырды. Ол Ресей газ жеткізуді бұрын жасалған келісім-шарттарда белгіленген баға белгілеу қағидаттары мен бағалары бойынша жалғастыратынын атап өтті.

Добавить комментарий