Гүлнар Көкебаева Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарады

Алматы қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 26 қазандағы кезекті сессиясында Жетісу ауданының әкімі лауазымына Көкебаева Гүлнар Ахметжанқызы кандидатурасы келісілді. Шараға қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Анықтама! Көкебаева Гүлнар Ахметжанқызы 1974 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, заңгер мамандығы бойынша, 2019 жылы — М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, іскерлік әкімшілендіру шебері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы Әділет басқармасының кадр жұмысы жөніндегі аға маман-кеңесшісі болып бастаған. Әр жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі комитетінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы Әділет басқармасының АХАЖ бөлімінің бастығы, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды.

2020 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Добавить комментарий