Гүлмира Сатыбалды 474 млн теңге жымқырды деп айыпталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

 

Добавить комментарий