Футзалдан Қазақстан құрамасы Бразилиядан 4:2 есебімен ұтылып қалды

Литвада Қазақстан құрамасы Бразилияға қарсы кездесу өткізді. Олар футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатының үшінші орнына таласты. Кездесу 4:2 есебімен Бразилияның пайдасына шешілді.

Ойынға Рикардо Кака келесі құрамды шығарды: Қазақстан: Игита, Тайнан, Нұрғожин, Ақбалықов, Дуглас − Атантаев, Қарағұлов, Мадияров, Валиуллин, Оразов, Есенаманов, Кнауб, Тұрсағұлов, Тоқаев.

Бірінші тайм қазақстандықтардың есепте алда тұрды, 12-минутта Альберт Ақбалықовтың жасаған соққысы бразилиялық қақпашы Гиттаға тиіп, қақпа торынан табылды

Үзілістен кейін Игита мен Тайнанды бір-біріне пас беріп тұрғанда, Тайнан бос қақпаға автогол соғып алды. Кейін Тайнан бразилиялықтар қақпасына гол соғып, өз қатесін түзеді, алайда Родриго есепті теңестірді, ал Феррао мен Ле жеңісті голдарды соқты − 4:2.

Осылайша, Қазақстан төртінші орынды иеленіп, 2021 жылғы әлем чемпионатынан медальсыз оралды.

Добавить комментарий