«Фридом Финанс» брокерінің 16 мың клиентінің деректері желіге шығып кетті

Қазір 50 клиенттің мәліметтері еркін қолжетімді екені белгілі болды. Олардың паспорттық деректері, мекен-жайлары, банктердегі шоттар туралы мәліметтер орналастырылған.

Мамандандырылған интернет-сайттарда «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының 16,8 мың клиентінің деректері шығарылған. 450 клиент — олар білікті инвесторлар.

Сатушы брокердің 50 клиенті туралы ақпаратты еркін қолжетімділікке шығарған, және апта сайын 50 пайдаланушымен тізімді толықтыруға уәде берді. Сайтқа тіркелгеннен кейін қалаған адамға база қолжетімді болады.

Біріккен база туралы бірінші болып деректердің шығып кетуі туралы барлау сервисінің негізін салушы Ашот Оганесян хабарлады.

«Бізде бар ақпаратқа сәйкес, мәліметтер компания желісіне бір ай бұрын бопсалаушы вирустарға тән хакерлік шабуыл нәтижесінде алынған», — деді Ашот Оганесян.

.Ашық қолжетімді мәліметтер базасында 2019 жылдан бергі клиенттердің төлқұжат деректері мен тұрғылықты мекен-жайы бар білікті инвесторлар деп тануға өтініштері, сондай-ақ шот нөмірлері мен сомасы 6 млн рубльден кем емес банктік анықтамалар бар.

Сатушының айтуынша, базада сондай-ақ бөлімшелер бастықтарының, трейдерлері мен жүйелік әкімшілердің компьютерлерінен ақпараты, Freedom Finance банкі мен Церих брокерін қоса алғанда, түрлі сервистердің парольдері бар.

«Фридом Финанс» компаниясы өзінің ресми сайтында қауіпсіздік шараларын түбегейлі күшейтіп, жарияланған хабарландырулардағы ақпараттың дұрыстығын тексеретінін хабарлады.

«Бұл базада сауда бағдарламаларының жеке логиндері/парольдері, қандай да бір төлем ақпараттары, брокерлік шоттардағы қалдықтар, жасалған операциялар немесе ақша қаражатының қозғалысы туралы деректер жоқ және болуы мүмкін емес», — делінген компанияның мәлімдемесінде.

Freedom Finance — Қазақстан, Ресей, Германия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Кипрде орналасқан халықаралық деңгейдегі жүйе құраушы инвестициялық компания. Компания Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіреді.

Добавить комментарий