Француз Сенатының халықаралық істер және қорғаныс жөніндегі комиссиясының төрағасы француз сенаторы Кристиан Камбон Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа блок құру мүмкін деп санайтынын айтты.
Атап айтқанда, ол Ресей мен Франция НАТО-дан айырмашылығы бар еуропалық қауіпсіздіктің жаңа құрылымын құра алатынын айтты.
«Мен бұған шын жүректен сенемін. Бұл мүмкіндік біздің баяндамамызда қолдау тауып отыр. Оның үстіне, оны [Франция президенті] Эмманюэль Макрон осы тақырыпқа арналған Брегансондағы саммитте басымдық ретінде атады», — деді Камбон Франция мен РФ жаңа құрылым құру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып.
2020 жылдың маусым айында Ресей мен Франция сенаторлары бейнеконференция форматында екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталарының төрағалары Валентина Матвиенко мен Жерара Ларшеге екіжақты қарым-қатынастарға арналған бірлескен баяндаманы ұсынды. Ларше құжатты бірегей деп атап, Федерация Кеңесі француз Сенаты бірлескен баяндама дайындауға әрекет жасаған жалғыз жиналыс екенін атап өтті. «Бұл баяндаманың мәні қағазда қалу емес. Ол іс-қимылға, қозғалысқа итермелеп, ізгі ниет пен өзара байланысқа негізделген белгі берудің арқасында эволюцияны тудыруы тиіс», — деп баса айтты ол.
Валентина Матвиенко өз кезегінде Ресей мен Франция өңірлерінің форумын және басқа да бірлескен жобаларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет деп санайтынын мәлімдеді.
Камбон Кеңес пен Сенат деңгейінде ынтымақтастық орнатқысы келетінін мәлімдеді. «Менің әріптесім Константин Косачевпен және оның Федерация Кеңесіндегі командасымен бірге біз Ресей-француз ынтымақтастығының барлық аспектілерін және оларды іске асыру жолдарын егжей-тегжейлі жазу үшін орасан зор жұмыс атқардық», — деп толықтырды сенатор. Ол баяндаманың алты тараудан тұратынын, онда тараптар қандай да бір мәселе жөнінде кезектесіп пікір білдіргенін нақтылады. Көптеген жағдайларда ұстанымдар ұқсас болды. Бұл негізінен терроризммен күреске, Еуропа мен әлемдегі қауіпсіздік құрылымына, мәдени ынтымақтастыққа, ғылыми алмасуға және ғарышты зерттеуге қатысты болды. Алшақтық Қырым мен Сирия төңірегіндегі жағдайды бағалаумен байланысты болды.
Француз сенаторы сондай-ақ Франция президенті Эмманюэль Макрон коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін Ресейге баруы мүмкін деп хабарлады.