Франциядағы наразылық шарасы: Карл III-нің сапары кейінге қалдырылды

Ұлыбритания королі Карл III елде зейнетақы реформасына қарсы жалғасып жатқан наразылық ifhfkfhsyf байланысты наурыздың соңында Францияға бармайтын болды. Елисей сарайының өкілдері хабарлағандай, 26-29 наурыз аралығында патшаның сапары кейінге қалдырылады. 28 наурызға жоспарланған жалпыұлттық наразылық күні сапардың кейінге қалдыруға себеп болды. Наразылық білдірушілер үкіметтің зейнетке шығу жасын ұлғайту және Францияның зейнетақы жүйесіне басқа да өзгерістер енгізу жоспарларына қарсы. Карл III 2022 жылы таққа отырғаннан кейін бірінші рет Францияға сапармен баруды жоспарлаған.

Добавить комментарий