Францияда қанша украин сарбаздары оқытудан өткені хабарланды.
ЕО-ның Украинаға арналған әскери жаттығу миссиясы екі жылға есептелген
Еуроодақ Украина армиясына арналған жаттығу миссиясы аясында 10 мың адамды оқытты, олардың көбісінің ешқандай әскери тәжірибесі жоқ. Бұл туралы бейсенбі күні LCI телеарнасының эфирінде вице-адмирал Эрве Блежан мәлімдеді.
«Өткен айдың соңына қарай біз 10 мың украин әскерін оқыттық, — деп атап өтті ол. — Біз мамыр айында 15 мың сарбазды оқытамыз, бұдан әрі оқытуды жалғастыратынымыз анық».
Оның айтуынша, дайындықтан өтіп жатқан Украина азаматтарының басым бөлігінің жауынгерлік тәжірибесі жоқ. «Мәселен, украиндықтар бізге жіберген 600 адамды бірге жинаймыз, олардың көбісінің ешқандай әскери тәжірибесі жоқ. Бірнеше апта ішінде біз олардың ішінен соғыс алаңына жіберуге жарамды әскери бөлімшелер құрамыз», — деді Блежан.
Вице-адмирал Киев сұраған ұшқыштарды даярлау мәселесіне қатысты ды пікір білдірді. «Олар «Сухой» үлгісіндегі [ұшақ] басқаруды үйренген украин ұшқышын жаңа F-16 үлгісіндегі ұшақты басқаруды оқыту мен қайта даярлау көп уақыт алатынын жақсы түсінеді, — деді ол. — Оған шамамен бір-екі жыл уақыт қажет».
ЕО-ның Украинаға арналған әскери жаттығу миссиясын құру туралы шешім (EU Military Assistance Mission for Ukraine) 2022 жылғы 17 қазанда қабылданды. Ол 15 мың әскерилерді даярлауды қамтамасыз етуі тиіс және екі жылға есептелген. 15 қарашада ол Блежанның басшылығымен өз жұмысын бастады.