Франция Украинадан дипломаттарын эвакуациялайтынын мәлімдеді

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұған дейін Киевтегі елшілік қызметкерлерінің отбасыларын Украинадан шығару туралы шешім шығарған болатын, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің кейбір қызметкерлеріне өз еркімен шығуына рұқсат берген.

Соңғы уақытта Батыс елдерінде, сондай-ақ Украинада Ресейдің Украина аумағына басып кіруі мүмкін екендігі туралы болжамдар айтылып жатыр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны шиеленісті қоздыруға бағытталған ойдан шығарылған және негізсіз ақпарат деп атады. Песков Ресей ешкімге қауіп төндірмейтінін айтты. Бұл ретте ол Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты күшпен шешу әрекеттерінің салдары ауыр болатынын ескертті.

Добавить комментарий