Франция РФ-ның көмір мен мұнайына шектеу қоюды қолдап отыр

Франция ресейлік көмір мен мұнайды жеткізуге шектеу қоюды қолдайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл саладағы санкциялар «ерекше ауыр болады».

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаның Киев түбіндегі Буча қаласындағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкциялардың жаңа топтамасын қолдайтынын мәлімдеді. Аталған ұсыныс 6 сәуірде Брюссельдегі Еуропарламент отырысында талқыланады, деп хабарлайды Reuters.

«Бучада болған жағдай жаңа санкцияларды мен нақты шараларды талап етеді. Соғыс қылмыстары орын алғанын көрсететін нақты дәлелдер бар. Ресей әскері Бучада болған оқиға үшін жауапты екені анықталды», — деді Эммануэль Макрон France Inter радиосында.

Ресейге қарсы жаңа санкциялар көмір мен мұнайға бағытталуы тиіс, деп атап өтті Франция көшбасшысы. Оның айтуынша, бұл саладағы шектеулер «ерекше ауыр болады».

Эммануэль Макрон еуропалық деңгейдегі жаңа шаралар бойынша консультациялар жақын күндері өтетінін айтты. Кейінірек Франция СІМ жанындағы Мемлекеттік хатшы Клеман Бон санкция салу мәселесі ертең, 6 сәуірде Брюссельде өтетін отырыста қаралатынын хабарлады.

Добавить комментарий