Францияның сыртқы істер және қарулы күштер министрлері РФ билігін Польша шекарасына мигранттар ағынын тоқтату үшін Беларуське ықпал етуге шақырды.
Франция Қорғаныс және сыртқы істер министрлігінің басшылары Жан-Ив Ле-Дриан мен Флоранс Парли Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық тұрақтылық жөніндегі диалогтың қайта жандануын құптайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы жұма күні жарияланған екі министрліктің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.
«Белорусьтегі жағдайға қатысты екі министр Беларусь билігінің жауапсыз және орынсыз әрекетін айыптады. Олар Ресейді [миграциялық дағдарысты] тоқтату үшін Беларусьпен тығыз байланысын қолдануды шақырды», — делінген мәтінде.
Сондай-ақ, Францияның сыртқы істер және қарулы күштері министрлері Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық тұрақтылық жөніндегі диалогтың қайта жандануын құптады, алайда Еуропаның қауіпсіздік саласындағы мүдделерін ескеруге шақырды. «Министрлер стратегиялық тұрақтылық мәселелерін талқылап, Еуропадағы қару-жарақты бақылау режимі жойылғанына алаңдаушылық білдірді.Олар осы мәселе бойынша Ресей мен АҚШ арасындағы диалогтың қайта жандануын құптап, бұл пікірталастар еуропалық қауіпсіздіктің мүдделерін толық ескеруі тиіс екенін атап өтті», — делінген хабарламада.