Франция билігі елде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал ушығып бара жатқанын айтты.
Француз министрлер кабинетінің ресми өкілі Габриэль Атталь былай деді: «Францияның санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы айқын әрі тез ушығып барады. Бұл жағдай алаңдаушылық тудырады. Коронавирусты жұқтырған адамдардың саны қарқынды өсуде», — деп РИА Новости Аттальдің сөзін келтіреді.
Ол сәуір айынан бері алғаш рет инфекция жұқтыру деңгейі 300 мың тұрғынға шаққанда 100 адамнан асып кеткенін атап өтті.
Бұған дейін коронавирустың «омикрон» деп аталатын жаңа штаммын жұқтырудың алғашқы жағдайы Францияның теңіз маңындағы департаментінде тіркелгені хабарланған болатын.