Франция бірнеше ресейлік дипломатты елден шығармақшы

Франция билігі ресейлік дипломаттардың бір бөлігін елден шығаратынын мәлімдеді.

AFP ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, әңгіме дипломатиялық өкілдіктің 35 қызметкері туралы болып отыр.

Франция билігі бірқатар ресейлік дипломатты елден шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Франция СІМ хабарлады.

Франция сыртқы саяси ведомствосы «елден шығарылатын қызметкерлер Франция қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қызметпен айналысқан» деп отыр. «Аталған акция еуропалық елдер қабылдаған демарштың бір бөлігі», — деп атап өтті СІМ.

BFM телеарнасының хабарлауынша, әңгіме «30-ға жуық ресейлік дипломат туралы» болып отыр.

Сонымен қатар, AFP агенттігі республиканың сыртқы істер министрлігіне жақын дереккөзге сілтеме жасап, Франция 35 ресейлік дипломатты елден шығаратынын хабарлады. Оның айтуынша, аталған шара Францияның мүддесіне қайшы келетін қызметпен айналысқан дипломаттарға қатысты.

 

Добавить комментарий