Финляндияның энергетикалық компаниясы ресейлік уранды сатып алуды жалғастыруда


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-42169-1667974617-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Финдік Fotrum энергетикалық компаниясы ресейлік ураннан бас тартқан жоқ және Ресей Федерациясынан шикізат сатып алуды жалғастыруда.

Fotrum — финдік мемлекеттік энергетикалық компания.

Аталып өткендей, компания Ресейден импортталатын ядролық отынды пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылдамаған.

Бұл туралы Yle жазады.

Бұл ретте Fortum ресейлік ураннан бас тарта ма, жоқ па және ол қашан сондай шешім қабылдайтынын айтпады.

«Fortum жанармайды ресейлік «Росатом» мемлекеттік концернінің еншілес компаниясы ТВЭЛ-ден алады. Келісімшарт Ловиис реакторларын пайдалануға қазіргі лицензиялардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жасалған.

Бірінші реакторды пайдалану лицензиясы 2027 жылға дейін, ал екіншісі 2030 жылға дейін жарамды, яғни Fortum ресейлік уранды әлі сегіз жыл пайдаланады деген сөз», — делінген хабарламада.

Еске салайық! Финдік Fortum энергетикалық компаниясы Ресей нарығынан кететінін мәлімдеген. Сондай-ақ компания өз брендін Ресейде пайдалануды тоқтататынын мәлімдеді.

Добавить комментарий