Президент Саули Ниинистё елдің НАТО альянсқа кіруі туралы заңға қол қойды, Финляндия альянсқа мүше болуға бір табан жақындады.
Yle телерадиокомпаниясының ақпаратына сәйкес, НАТО-ға кіру процесін аяқтау үшін Финляндия Түркия мен Мажарстан тарапынан шешімді ратификациялауды күтуге ғана қалды, себебі басқа елдер бұл рәсімді аяқтады.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің Финляндияға қатысты ратификациялау процесін бастайтынын жариялады. Еске сала кетейік, НАТО-ға мүше мемлекеттер 2022 жылғы 5 шілдеде Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлант кеңесіне қосу туралы хаттамаларға қол қойған еді.