Финляндия ресейліктердің ел аумағына келуіне шектеу қою туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Бүгін, 2023 жылғы 10 шілде, дүйсенбі күні ресейліктердің Финляндияға және Финляндия арқылы Шенген аймағының қалған бөлігіне баруына шектеудің жаңа шаралары күшіне енді.
Жаң шектеу шарасы тек Финляндияға ғана рұқсат етілетін іскерлік сапарларға қатысты. Басқа елдерге транзитпен өтуге тыйым салынады. Сонымен қатар, жеке шаруалар бойынша сапармен келу үшін нақты себеп болуы тиіс, деп хабарлады финдік СІМ.
Финляндияда жылжымайтын мүлкі бар ресейліктердің Финляндияға келуіне негіз болуы керек.