Финляндия Петрозаводскідегі бас консулдығының бөлімшесін уақытша жабу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы 4 сәуір, сейсенбі күні Финляндия Сыртқы істер министрлігі жариялады. Бөлімше кеңсенің негізгі міндеттері қалпына келгенше жабық болады.
Финляндия СІМ бағалауына сәйкес, қазіргі уақытта Петрозаводскіде консулдық бөлімшесін ұстаудың қажеті жоқ, өйткені негізгі міндеттер азайды.
Алайда, қажет болған жағдайда бөлімшенің жұмысы алдағы уақытта қайта жанданады. 2023 жылдың қаңтар айында Финляндия Мурманскідегі бас консулдығының бөлімшесін жапқан, бірақ VFS Global визалық орталығында клиенттерге әлі де қызмет көрсетіледі. Ал Ресей Еуропадағы консулдықтарын жауып, дипломаттарын қысқартпақ емес.