Финляндиялық Fennovioma компаниясы «Росатомға «Ханхикиви-1» АЭС құрылысы жобасының тоқтап қалуына байланысты 2 млрд еуро көлемінде қаражат талап етті.
Бұл туралы фин компаниясының басшысы Йоахима Шпехта Helsingin Sanomat басылымына берген сұхбатында хабарлады.
Оның айтуынша, жалпы сомадан 800 миллион еуро Fennovioma ресейлік «RAOS Project» компаниясының фин құрылымының пайдасына аванс ретінде салған. Шпехт атап өткендей, «Росатом» 2022 жылдың басында Финляндияға жоба кешіктірілуі мүмкін екенін және мерзімін бірнеше жылға кейінге шегерілетінін ескерткен. Бұл атом станциясын салудан бас тартуға себеп болған жағдайлардың бірі болды.
Fennovioma мамыр айының басында «Ханхикиви-1» құрылысы бойынша келісімшартты біржақты түрде бұзды. Айдың соңында құрылыс үшін лицензияға өтінім де қайтарылып алынды. Компания Украинадағы Ресей әскерінің ұрыс қимылдары мен құрылыс жұмыстарының жиі тоқтап қалуына байланысты осындай шешім қабылдағанын түсіндірді.
Бұған дейін «Росатом» компаниясының Бас директоры Алексей Лихачев ресейлік компания Fennovoima-дан АЭС жобасына кеткен барлық шығындарды қайтаруды талап ететінін және халықаралық төрелікке жүгінуге дайын екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, бұған дейін болгарлық «Белене» жобасына қатысты осыған ұқсас мәселе ресейлік тараптың пайдасына шешілгенін айтты, ол кезде 600 миллионнан астам еуро алған.