Филиппин «Спутник V» вакцинасын шұғыл қолдану үшін рұқсат берген елдердің қатарына кірді.
Тиісті шешімді Филиппиннің тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы қабылдады.
Ресейлік препарат Филиппинде шұғыл пайдалануға рұқсат берген төртінші препарат болды. Бұған дейін америкалық Pfizer/BioNTech, британдық AstraZeneca және қытайлық Sinovac вакциналары мақұлданған болатын.
2020 жылы тамызда Филиппин президенті Родриго Дутерте коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны бірінші болып өзіне салдырып, сынауға дайындалған болатын. Осылайша, ел басшысы ресейлік әзірлемелерге толық сенетінін және бұл вакцинаның адамзатқа пайда әкелетініне сенімді екенін көрсеткісі келді.
«Вакцина жеткізілген кезде мен ел алдына айтқан сөзімнің бос әңгіме емес екенін дәлелдеп, вакцинаны салдыртатын боламын», — деп мәлімдеді Дутерте.