Фарход Толипов: «Қазақстан Орталық Азияның дамуына тың серпін берді»

Қазақстанның әлемдік аренадағы белсенділігі Орталық Азияның дамуына тың серпін берді. Өзбекстандық саясаттанушы Фарход Толипов осылай есептейді.

Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға ұмтылып келеді. Сарапшының пікірінше, қазір өңірлік интеграцияны жаңғырту қажет. Ал 2018 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан Орталық Азия елдері көшбасшыларының консультативтік кездесулері бұл процесті күшейтті.

Фарход Толипов, саясаттанушы:

— Мен алдағы консультативтік кездесулер өңірлік интеграциялық процестерді жеделдетіп, біріктіреді деп үміттенемін. Бұл істің табысты нәтижеге жетуіне қуатты, көшбасшы мемлекетке айналған елге айналған Қазақстанға және Өзбекстанға байланысты. Мен Қазақстан мен Өзбекстанның тандемі келешекте біздің өңірдің тағдырын айқындайтынына сенімдімін».

Добавить комментарий