ФҚҚ Жапонияда өлім жазасына кесілген кеңес азаматтары туралы мұрағаты құпиясыздандырды

Ресей Федерациясы ФҚҚ 1945 жылы Маньчжурияда (Жапония) өлім жазасына кесілген кеңес азаматтары туралы құжатты құпиясыздандырды.

Ведомствоның ресми сайтында КСРО ІІХК «Смерш» Қарсы барлау бас басқармасының бастығы генерал-полковник Виктор Абакумовтың баяндама жазбасы жарияланды.

«1945 жылғы 9 тамызда КСРО мен Жапония арасындағы соғыс қимылдары басталған күні, Хайлар жапон әскери миссиясы бастығы подполковник Аманоның тапсырмасымен алдын ала жасалған тізім бойынша, жапон жандармериясы мен полициясы Маньчжурияда тұрақты тұруға қалған Қытай-Шығыс темір жолының бұрынғы қызметшілері болған 19 кеңес азаматын тұтқындады», — делінген Виктор Абакумовтың жазбасында.

Кеңес азаматтарын көшеде тұтқындап, арнайы түрмеге қамаған, делінген құжатта. Осы түрмеде ұсталған 43 тұтқын аяусыз өлтірілген.

Құпия жазбада кеңес азаматтарын өлтіруге қатысы бар адамдарды қарсы барлау басқармасы тұтқындағаны айтылған. Тергеу нәтижелері туралы КСРО ІІХК Лаврентий Берий мен КСРО басқарушысы Иосиф Сталинге баяндау керек болған.

Бұған дейін «Ескіру мерзімінсіз» жобасы аясында ФҚҚ Жапонияның Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО-ны басып алу жөніндегі жоспарлары туралы ақпаратты құпияландырған болатын. Жапон басшылары Қиыр Шығыс пен Сібірді басып ала аламыз деп есептеген.

Добавить комментарий